Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
 

Балалар жұмысы

Автор: admin от 22-11-2016, 04:28, посмотрело: 350

5

Балалар жұмысы
Балалар жұмысы
Балалар жұмысы
Балалар жұмысы
Балалар жұмысы
Балалар жұмысы
Балалар жұмысы
Балалар жұмысы

Категория: Работы детей

 

Алтын Күз "Дарын" тобы

Автор: admin от 2-11-2016, 23:27, посмотрело: 294

0

«Дарын» тобы

(Балалар музыка ырғағымен залға кіреді)

Жүргізуші: Келді міне алтын күз,

Сары шашты жарқын күз.

Мол өнімді ісімен ,

Таң қалдырып халқын күз.

Сәлеметсіздерме,қадірлі қонақтар! Бүгін біз жыл мезгіліндегі еңтамаша- «Берекелі,мерекелі Алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Алуа: Тілегім аман болсын ел іргесі,

Алтын күз қайта келді берекесі.

Жаршысы бола білді,

Алтын күз ырыс,береке ала келді.

Жібек: Ойын күлкі,той думан,

Әсем әнмен сәнді би.

Асығыңдар алыңдар,

Бәрі бізден табылар.

-демекші мерекемізді ән шашудан бастайық.

Ән: «Күз тамаша»

Жібек: Кездескен соң күзімен,

Бұтағынан үзілді,

Ай жапырақ сары алтын,

Айналаның бәрі алтын.

Алуа: Дұрыс айтасың Жібек ендігі кезекті өлең шумақтарына берейік.

Анеля: Сау-сау етіп жапырақ,

Сабағынан үзілді,

Қоңыр тартып атырап,

Көкке құстар тізілді.

Ерден: Жемісі мол теретін,

Күз дос екен бізбенен.

Бәрін тауып беретін,

Жомарт екен күз деген.

Ислам: Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді.

Кел жемісті алтын күз,

Кемелдесін халқымыз.

Махамбет: Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

 

Жан: Алтын сары,қызыл,көк,

Алуан,алуан жапырақ,

Күзгі бақтар күлімдеп,

Көз тартады жалтырап.

 

 

Жүргізуші: Көбейді құт береке,

Астық толы қамбамыз.

Құтты болсын мереке,

Алтын күзді тойлайық.

Ендеше мерекемізді жалғастырайық.Кезекті биге берейік.

Би: «Ретро»

Қойылым: «Жемістер»

Саду: Тоқтаңдар ,тоқтаңдар,

Көзім бұлдырап,басым айналып барады.

Алуа: Енді не істейміз?Садуға қалай көмектесеміз?

Інжу: Сабыр сақтайық,дәрігерді шақырайық.

Саду:Жоқ,жоқ,дәрігер керек емес.

Раймбек: Онда саған дәрі берейік.

Алуа: Жоқ,дәрігер шақырайық.

-Ала,ало,дәрігер,бізге көмек қажет.

-Тез жетіңіз.

Бота(дәрігер):Менің қандай көмегім қажет?

Фатима: Дәрігер,Садуға көмек қажет.

Бота(дәрігер):

Қазір қарап шығайын,

Неден ауырғаныңды ұғайын.

(фонендоскоппен кеудесін тексереді)

А-а-а-а-а деп аузынды аш (тексереді)

-Қызуың жоқ

-Білдім неден ауырғаныңды

-Жеткілікті мөлшерде,дәрумендер жетіспейді.

Фатима: Дәрігер,енді не істейміз?

Бота(дәрігер):

-Көп-көп жемістер жеу керек.

Кәусар:Балалар қазір күз мезгілі ғой,Алтын күзге қоңырау шалайық,бізге көп жемістерін ала келсін

-Ало,ало, Алтын күз бізге көп-көп жемістер керек.Тез жетіңіз.

(музыка ырғағымен Алтын күз кіреді)

Алтын күз: Сәлеметсіңдер ма,балалар.

Балалар сәлеметсізбе Алтын күз.

 

Алтын күз:

Уа,халайық,дархан далам армысың,

Табиғатым жаны жайсаң тал,мүсін.

Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,

Алмақ болып бар халқының алғысын.

Мен Күз ханшайымымын сендерге жемістер керек екенін естіп,жемістерімді ала келдім.

 

 

Мансур: Жүзім пісті бір-бірлеп,

Үзіп мәзбіз біз енді.

Қоңырауы күмбірлеп,

Келді бізге Алтын күз.

Алтынай: Тіл үйірген алмұртпын,

Таңсығымын бар жұрттың.

Жақсы Өсіре алмайды,

Қараса егер салғырт кім.

Жансая: Мен шиемін,шиемін,

Күннің көзін сүйемін,

Қажеттімін адамға,

Оны да білемін.

Нұртас: Мен алмамын,алмамын,

Таңдай жұлар, бар дімім.

Ақерке: Мен өрікпін,өрікпін,

Дәмімен тәтті елітем,

Сүйіктімін сәбилерге,

Айтпасамда бөліп тым.

Сұлтан: Мен алмамын,алмамын,

Таңдандырар бал дәмім,

Пісіп толдым мінекей,

Баптаса егер бағбаным.

Жүргізуші: Алтын күз рахмет сенің сыйыңа.Мінекей бізде Алтын күз мерекесін тойлап жатырмыз,қонағымыз болыңыз,балалардың өнерін тамашалаңыз.

Ендігі әніміз өзіңізге арналады.

Ән: «Күз келгенде»

Алтын күз: Әндерің қандай тамаша Күз мезгілін қатты жақсы көреді екенсіңдер.Менде сендерге жемістеріммен бірге көкөністерімді де ала келдім.

Көрініс: «Көкөністер дауы»

Фатима: Өнім биыл тамаша тамаша,

Көз тоймайды қараса.

Сәбіз, картоп,кәді мен

Қызыл піске қызанақ,

Қырыққабатқа қарашы.

Көкөністер бір кезде жиыла қалып дауласыпты.

Көкөністер: Жиылып қалыппыз бәріміз,

Қайсымыз ең дәмдіміз.

Ішімізден адамға,

Тиеді көп пайдамыз?

Фатима:Мақтаншақ бұршақ ортаға жүгіріп шықты.

Айша(бұршақ):

Кішкене түймедеймін мен,

Ұнаймын мен бәріне,

Дәмді тағамдармен,

Сый жасаймын бәріңе.

Фатима:Ызаланған қызылша қыпқызыл болып кетті.

Саду (қызылша):

Мен бір сөз айтайын,

Мақтанайын сіздерге.

Менсіз борщ болмайды,

Винегретте үстелде.

Кәусар:(қырыққабат)

Мақтанғаннан не пайда,

Менсіз дәмді ши қайда,

Мені қосса самсаға,

Бәрі жейді тамсана.

Раймбек:(қияр)

Дәмім тілді үйірген,

Мен тұздалған күйімде,

Жаңа піске кезімде,

Жейді бәрі сүйсіне.

Нұраян: (шалқан)

Кім білмейді шалқанды,

Талайлар маған таң қалды.

Бәріне сый боламын,

Тауып көр менен дарханды.

Нұрхан:(сәбіз)

Кім бар сәбіз шырынын,

Жастайынан ішпеген?

Мені жеген адамдар,

Кем болмайды күшкеде.

Айдина:(Қызанақ)

Піске кезде қызанақ,

Көз тартар қызыл түсімен.

Барма адам сүйсінбей,

Томат шырынын ішпеген.

Інжу:(пияз)

Боламын мен дәмдеуіш,

Барлық,барлық тағамға.

Көкөністер ішінен,

Мен пайдалы адамға.

Бота:(картоп)

Мен ұялшақ картоппын,

Мен емеспін мақтанар.

Мені жақсы көреді,

Үлкендер мен балалар.

Бос айтысты қоялық,

Дауласуды тоқтатайық.

Көкөністер:

Жиылып қалыппыз бәріміз,

Қайсымыз ең дәмдіміз.

Ішімізден адамға,

Тиеді көп пайдамыз?

Фатима: Көкөністер бәрі де,

Денсаулыққа пайдалы.

Мұны жатқа біліңдер,

Оларды жақсы көріңдер.

Жүргізуші:Балалар көкөністер мен жемістердің барлығы да денсаулыққа пайдалы екен.Жемістер мен көкөністерде дәрумендер көп екен.Оларды күнделікті асымызға пайдаланумыз керек.

Алтын күз:Иа,балалар көкөністер мен көкөністерді күнделікті жеп отырсаңдар дендерің сау,күштерің көп болады.Олар дәрумендерге бай,ал сендерге дәрумендер өте қажет.

Балалар, менің сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр,ойнаймыз ба?

Балалар: Иа,ойнаймыз.

Ойын: «Дәмін ажырат»

Алтын күз: Жарайсыңдар балалар сендер жемістерді ажырата білдіңдер.

Алуа: Ән салыңдар күліңдер

Жайнап гүлдей жүріңдер.

Күздің тойын тойлайық,

Би билейік,ойнайық.

Жібек:Дұрыс айтасың Алуа,бүгінгі мерекеге ұлдар да өз өнерлерін ала келіпті.Ендігі кезекті ұлдардың биіне берейік.

Би: «Саңырауқұлақтар»

Жібек: Жер берді жемісті,

Күз келді келісті.

Күз байлық береке,

Алтын күз мереке.

Алуа:Олай болса келесі кезекті әнге берейік.Алтын күз бізбен бірге тамашаланыз.

Ән: «Күз»

Ойын: «Жұмбақтың шешуін тап» (ата-аналармен )

Алуа: Өнім үйіп тастадық,

Оқуды да бастадық.

Берекелі Алтын күз,

Ашық болсын аспаның.

Алтын күз ендігі кезекті қыздардың биіне берейік.

Би: «Шығыс биі»

Жүргізуші: Айнала сары ала,

Қырмаға дән тола,

Көкөністер пісіпті,

Қоймаға түсіпті.

-демекші,күз мезгілі берекелі де,мерекелі екен.Ендігі кезекті «Күз жомарт»

әнімізге берейік.

Ән: «Күз жомарт»

Жүргізуші: «Алтын күз» біздің қыздардың аналарымен бірге тіккен киім үлгілеріне кезек берейік. «Алтын күз-2016 ж» топтамсын ортаға шақырайық.

(музыкамен қыздар киім үлгілерін ортаға шығып көрсетеді)

Алтын күз: Жарайсыңдар балалар өнерлерің өрге жүзсін өте өнерлі балалар екенсіңдер.Мені басқа балабақшада да күтіп отыр.Олай болса оларды көп күттірмей жолға шығайын.

Сау болыңдар балалар.Келесі Күзде кездескенше.

Балалар:Сау болыңыз Алтын күз.

Жүргізуші: Берекелі бақ-даулет,

Арта түссін тойланып

Сау болайық бәріміз,

Келгенше күз айналып.

Құрметті қонақтар осымен біздің балаларымыздың дайындаған мерекелік концертіміз аяқталды .Мерекемізді «Алақай ,күз келді» әнімізбен аяқтаймыз.

 

 

Алтын Күз "Дарын" тобы

 

Категория: Мероприятия и праздники

 

КП "Алғашқы қабылдау"

Автор: admin от 2-11-2016, 23:22, посмотрело: 282

0

Алғашқы қабылдау

Өтілу түрі: ата-аналар жиналысы

Мерзімі:

Мақсаты: ата-аналарды кеңес беру орталығы жұмысымен таныстыру

Міндеттері:

·Кенес беру орталығының мақсат-міндеттерімен таныстыру

·Кеңес беру орталығының жұмыс жоспаымен таныстыру

·Баланың дамуына ата-ананың белсенділігін арттыру

·Психологиялық-әлеуметтік жағдайына көмек көрсетудегі басқарушылықты одан әрі жетілдіру.

Ата –аналарға арналған кеңес беру орталығының мақсаттары:

·Жан-жақты көмекті ата-аналарға (жеке тұлға ) мектепке дейінгі ұйымға бармайтын баланың дамуына жағдай жасау.

·Кеңес бөлімінің көмегі – ата-аналарға (заңды тұлғаға),мектепке дейінгі ұйымға бармайтын бала тәрбиесіне арналған әр түрлі сұрақтарға жауап беру.

·Мектеп жасына дейінгі балабақшаға бармайтын балаға социалды көмек көрсету.

·Мектепке дейінгі білім беру ұйымына бармайтын,мектеп жасына дейінгі балаларға ,әр түрлі ауытқулары бар балалардың физикалық,психологиялық,әлеуметтік дамуындағы профилактикасын жүргізу.

·Барлық білім беру ұйымдарымен бірлесе отырып,ортақ білім беру бағдарламасы мен мектепке дейінгі ұйымда басқада әлеуметтік ұйымдар,медициналық қолдау балаларға және ата-аналарға (заңды тұлғаға).

·Айырыптану,диагностикалау арқылы балаларды,әр түрлі кедергі жағдайлардан сақтап қалу мақсатында кедергілердің алдын алу.

Кеңес беру орталығының міндеті :

·Әлеуметтік жағдайы қиын отбасындағы балаларға педагогикалық-психологиялық қызмет көрсету;

·Отбасындағы ата-ананың бала тәрбиесіндегі педагогикалық білімін зерттеу;

·Баланың жасына сәйкес дамытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарға бағыт беру;

·Тілінің дамуында мүкістігі бар балаларды бақылап,зерттеу жүргізу;

·Ата-аналарға бала тілін дамытудың жолдары, әдістері туралы білім беру;

·Сөйлеу техникасына арналған «Тілдік жаттығу» педагогикалық оқулар ұйымдастыру;

·Баламен психологиялық зерттеу жүргізіп,диагностикалау;

·Жұмыс жүргізіліп,бақыланған,зерттелген баламен психологиялық профилактика жүргізу;

Кеңес беру орталығында ата аналар мен балаларға кеңес беру мақсатында әлеуметтік педагог, психолог маманы кабинеті және логопед маманы кабинеттері бар.Кеңес беру орны мамандары бекітілген жұмыс кестесі бойынша жұмыс жасайды. ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көрсетілгендей:

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын сақтау және дамыту қажеттілігін мектепке дейінгі білім беру қызметіне балаларды отбасы жағдайында тәрбиелейтін отбасыларға көмек көрсетуде қол жетімділікті нығайту мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізілді.

2016-2017 оқу жылында кеңес беру пункті мамандарымен бірлесе отырып жылдық жоспар құрылып, оқу жылына кеңес беру пункті мамандарының үш отырысы жоспарлы өткізілді.

Кеңес беру пункті жұмысы төрт бағытты қамтуға арналған:

- Педагогтармен

- Балалармен

- Ата -аналармен

- Осы ауданда тұратын балалар мен ата- аналарға кеңес беру.

Тәрбиешілер, психолог мамандары тарапынан ата-аналарға балаларды мектепке қалай дайындау керектігі жөнінде «Баланың қырсықтығы мен қыңырлығы», «Қорқыныш пен үрейден қалай арылуға болады?», «Баланың тілін дамытуға қалай көмектесу керек?», «Бала қандай ойыншықтармен ойнау қажет?», «Отбасының бала дамуына әсері» атты тақырыптарында кеңестер беріліп, экспресс-сауалнамалар, тренингтер, тесттер жүргізіліп зерттеледі.

Зерттеу мақсатында:

-Мектепке бармайтын балалар саны;

-Балалардың тұрмыс жағдайын және әлеуметтік психологиялық анамнезі;

-Кеңес беру орны туралы мағлұмат беріледі.

Кеңес беру орталығында:

-Әлеуметтік жағдайы қиын отбасындағы балаларға педагогикалық – психологиялық қызмет көрсету;

-Отбасындағы ата-ананың бала тәрбиесіндегі педагогикалық білімін зерттеу;

-Баланың жасына сәйкес дамытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарға бағыт беру;

-Тілінің дамуында мүкістігі бар балаларды бақылап, зерттеу жүргізу;

-Ата-аналарға бала тілін дамытудың жолдары, әдістері туралы білім беру;

-Сөйлеу техникасына арналған «Тілдік жаттығу» педагогикалық оқулар ұйымдастыру;

-Баламен психологиялық зерттеу жүргізіп, диагностикалау;

-Жұмыс жүргізіліп, бақыланған, зерттелген баламен псизхологиялық профилактика жүргізу:

Баяндама

Баланың ақыл – ой дамуындағы ойынның алатын орны.

 

"Ойынсыз толық ой-өрісінің дамуы жоқ және болуы мүмкін емес. Ойын – бұл өте үлкен жарық тезе, сол арқылы балаланың рухани дүниесіне түсініктердің енуі. Ойынсыз толық ақыл –ой дамуының болуы мүмкін емес. Ойын –бұл үлкен жарық терезе, сол арқылы баланың мәдени әлеміне ұғымдар мен түсініктер легі енеді. Ойын – еңбексүйгіштік пен ынталылықты жағатын сәуле. ”

В.А. Сухомлинский.

Мектепке дейінгі жаста кішкентай баланың өмірінде ойын маңызды орын алады. Балаларда ойын қажеттілігі мектептегі бірінші жылдары да сақталады және маңызды орын алады. Ойында шынайы өмір көріністері, уақытпен, аумақтан көрсетілмейді. Балалар – бүгінгі мен келешекті құрушылар. Ойынның кереметтілігі осында. Әр қоғам дамуының кезеңіне балалар халықпен бірге өмір сүреді. Бірақ та қоршаған орта балаға басқаша көрінеді, үлкендерге қарағанда. Бала – «Жаңашыл», ол үшін бәрі жаңалыққа толы.

Ойында балаға үлкендерге бұрыннан таныс жайларды жаңалық ретінде көрсетеді. Балалар ойында ойнаудан басқа өзгеше ойларды ойламайды.

"Ойын, бұл өсіп келе жатқан бала ағзасының қажеттілігі.О йында баланың физикалық күші дамиды, қолы қатаяды, көзі өткір, жинақылық, тапқырлық, қасиеттері дамиды»-, деп танымал кеңес педагогі Н.К.Крупская жазған. Ол сонымен қатар ойын кезінде әсерлермен, көріністердің кеңею, балалардың өмірге енуі, ойынның шындықпен, өмірмен байланысын көрсетті.

Мектеп жасына дейінгі балалар үшін ойын маңызды орын алады: ойын олар үшін – сабақ, ойын олар үшін – еңбек, ойын олар үшін – тәрбиелеудің қатал түрі. Ойын мектеп жасына дейінгі балалар үшін – қоршаған ортаны танудың тәсілі.

Мектептегі балалардың ойынға деген қажеттілігі мен ойынауға деген тілектерін белгілі бір білім тапсырмаларын шешу мақсатына қарай бағыттау керек. Ойын егерде толық педаогогикалық үрдіске қосылатын болса, онда ол тәрбиелеу құралы болып табылады. Ойын арқылы, ойынды балалар өмірінде ұйымдастыра отыра тәрбиеші бала тұлғасының жан –жақты дамуына әсер етеді: сезіміне, танымына, еркіне және тәртібіне толықтай.

Ойын барысында бала жаңа білім, білік, дағдыны меңгереді. Қабылдау, назар, ес, ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналаған ойындар толықтай мектепке дейінгі жастағы баланың ақыл ой-өрісінің дамуына бағытталған. Ақыл ой-өрісін тәрбиелеу және интеллекті дамытуда математика ерекше орын алады. Қазіргі таңда, компьютер кезеңінде «Әр адам математик бола алмайды» деген ұғым, көзқарас ескірді.

Бүгін, ал келешекте тіптен математика әр түрлі мамандық иелерінің көп бөлігіне қажет болады. Математикада балаларды ерте жастан оқыту үрдісінде ойлауын дамыту үшін үлкен мүмкіндіктер еңгізілген.

 

 

 

Қорытынды:

Ата-аналарға кенес беру орталығының мақсат-міндеттері мен жұмыс жүйесімен танысты. Сондай-ақ, кеңес беру орталығының жұмыс жоспарымен таныстырылды. Ата-аналарға баланың дамуына ата-ананың белсенділігін арттыру жөнінде кеңестер баяндалды. Ата-аналарда

Психологиялық-әлеуметтік жағдайына көмек көрсетудегі басқарушылықты одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар айтылды.

Категория: Родителям