» Материалы за 02.11.2016

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Алтын күз "Балбөбек" тобы

Автор: admin от 2-11-2016, 23:31, посмотрело: 695

0

«Бекітемін»

ҚМҚК №150 бөбекжай

балабақшасының меңгеруші м.а.

Абдижаппарова С.Н ________

«___»_________2016ж

Ертеңгілік

Тақырыбы: «АЯУЛЫ КҮЗ, АЛТЫН КҮЗ»

Ортаңғы «Балбөбек» тобы

Тәрбиешілер : Мыңжасарова Ш.

Дулатбаева Р.

Алматы қаласы

Алтын күз.(Орта топ)

Армысыздар,құрметті ата-аналар! Бүгінгі ырысы мол Алтын күз атты мерекелік ертенгілігімізге қош келдіңіздер!

Жаздай күткен беріміз,

Сары алтын сары күз

Алтын ұя бақшада,

Күтіп алар шағымыз

Демек қошеметпен Балбөбектобының кішкене балғындарын қарсы алайық!

 

Музыка ойналып балалар бір-бірінің соңынан тізіліп шығады.

 

Жүргізуші:Балалармен сендерге жұмбақ жасырайын, ал сендер оның жауабын айтуға тырысыңдар.

Бозарып дала,тоңады бала.

Астығы піскен,Жапырағы түскен

Бұл қай мезгіл балалар?

Балалар:Күз мезгілі

Жүргізуші:Ендеше сол Алтын күз ханшайымын шақырайық!

 

Музыка ойналып Күз ханшайымы кіреді:

 

Ару күз:Сәлеметсіздерме,менің сүйкімді достарым!

Жүргізуші:Қош келдіңіз күз ханшайымы!

Ару күз:Балалар ,мен сіздерді бір жыл бой кормей сағынып қалыппын.

Сендер мен туралы тақпақ білесіңдер ме? Мен тақпақты өте жақсы көремін

Балалар:----Ия!

Тақпақ:

1.Нұрсая.Күнге ғашық күрішпін

Күллі жұртқа ырыспын

Аңқам кеуіп тұрған соң

Ала жаздай су іштім.

2.Айсұлтан Соңғы шуақ төгіліп

Жарқыранып тұр аймақ.

Ақ сәулеге шомылып,

Жапырақтар жүр ойнап.

3.Айзере Құстар қайтты ән салып,

Бұлт шарлады аспанды,

Күз келеді жар салып

Күзгі суық басталды.

4.Агзам Алтын түске бойалды,

Тау мен қырқа дала,түз

Келдім міне ортаңа,

Менің атым Алтын күз.

5.Амира Жемісі мол теретін

Күз дос екен бізбеннен

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген

6.Мадияр Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауғ

Шақырады біздерді

7.Айша Сау-сау етіп жапырақ

Сабағынан үзілді

Қоңыр тартып атырап,

Көкте құстар тізілді.

8.Қайсар Көбейді құт береке,

Астық толы қамбамыз.

Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.

Жүргізуші:Күз ханшайымы,біздің балалар тек тақпақ қана емес,әнде біледі.Сізге арналған әніміз бар.

 

Хор.Күз жомарт.

 

Ару күз:Рахмет сендерге балалар,сендер өте жақсы айттыңдар.

Балалар,бізге біреу келе жатқан сияқты,тыңдайықшы,кәне алдымыздағы жапырақтармен жасырынып ойнайық.

 

Осы кезде музыка ойналып Тиін кіреді:

 

Тиін:Е-е-е,бәсе,бәсе,менің ормандағы жапырақтар неге азайып кеткен десем,тең жартысын жел осында ұшырып әкелген екен ғой.

Қазір мен бұл жапырақтарды қалдырмай жинап алайын.

 

(Музыка ойналып,балалар орындарынан турады)

(Қолындағы жапырақтарын жоғары ұстайды)

 

Тиін:О-о-о,міне енді тап-таза болды,,уууххх.

Жүргізуші:Ал,көңілді жел болса жапырақтарды қайта шашып тастайды.

 

(Музыка ойналып балалар жапырақтармен қайта жасырынады)

 

Тиін: Бұл не деген жел –өзі? жапырақтарды тағы шашып тастады.Қәзір мен жапырақтарды қайта жинап алайын.

 

(Музыка ойналып,балалар орындарынан кайта тұрады)

 

Тиін:Мына жалт-жұлт еткен алтын түсті жапырақтар қайтеді өзі? Енді жапырақтар ұшатын болса бұл жолы ұстап алам.

(Музыка ойналып,балалар орындарына отырады).

(Жапырақтарды орындық астына тығады.Ал тиін болса ортада қалып койған жапырақтарды жинап алады.)

Тиін:Міне ұстадым,міне!УУхх әйтеуір жиналды-ау.Ару күз,сен орманға оралғанша мен қыстық азығымды барып жинай берейін.

Ару күз:Тиін досым ,бүгін мұнда күз мерекесі болғандықтан мына балаларға күзгі бақтың әдемі жемістерін сыйға тартайық,сен барып күзгі бақтан алма тере бер,мен қазір артыңнан барып қалам.Жарай ма?

Тиін:дұрыс айтасың,менде солай ойлағам.Тезірек кел.Ару күз!Күтемін.

 

(Кетеді)

 

Жүргізуші:Күз ханшайымы, біздің балалардың сізге арналған тақпақтары әлітаусылған жоқ,сонны тыңдаңыз.

Тақпақтар:

9.Бектұрсын Апорт деген алма бар

Жер жаратын атағы

Ондай алма қайда бар.

Алматы оның Отаны.

10.Гүлиса Нұрға бөлеп өмірді

Жырға бөлеп көңілді,

Жарқыраған сәулелі

Күз әуені төгілді.

11.Еркін Әлихан Қуандырып біздерді

Өлкемізге күз келді

Кел жемісті алтын күз

Кемелденсін халқымыз

12.Айдана Жайдарлы куз, жарқын күз,

Аяулы күз алтын күз,

Дәнге толы ел дала.

Дариядай шалқар күз.

13.Әмірлан Алтын, сары,қызыл көк ,

Алуан-алуан жапырақ

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.

14.Батырхан Қарашы күз келді,күз келді,

Жапырақ жапты іздерді .

Құс біткен керуен тізеді,

Қара бұлт қабағын түйеді.

15.Адина Жетті желмен алтын күз,

Жеміс жинау салтымыз.

Жиып-тнріп болған соң,

Той жасайды халқымыз.

Елге бәрін сыйлайды.

Ару күз: Ал балалар бүгінгі,

Құтты болсын мереке!

Би билейік тағы да,

Жапырақтармен тербеле.

 

Жүргізуші:Біздің бүлдіршіндеріміздің Жапырақтар биін қарсы алыңыздар

Би. Күзгі жапырақтар би.

Ару күз:Жарайсыңдар,менің кішкентай сіңілерім!Өте жақсы биледіңдер.

Рахмет сендерге.Балалар,мына жерде менің жемістерімде отыр екен гой,олар да өнер корсетсін.

 

(Ортада бастарында жеміс атрибуттары бар балалар шығады).

Жемістер жыры(Музыка әуенімен)

1.Айсұлтан Мен алмамын, алмамын,

Таңдай жұлар бар дәмім.

Қып-қызыл боп пісемін,

Себетке кеп түсемін.

2.Еңілік Мен өрікпін,өрікпін,

Табиғатқа корікпін.

Сап-сары боп пісемін

Ауызға кеп түсемін.

3.Акниет Мен жүзіммін,жүзіммін,

Моншақ болып үзілдім.

Сары күзде үзіліп,

Себетке кеп тізілдім.

4.Айбек Мен шиемін,шиемін,

Күннін көзін сүйемін.

Күн суытса үзіліп,

Себетке кеп түсемін.

5.Арай Тіл үйірген алмұртпын,

Таңсығымын бар жұрттын.

Жақсы өсіре алмайды,

Сап-сары тоғай.

,

Қараса егер салғырт кім.

Жүргізуші:Ару күз,жемістерің өте өнерлі екен.Рахмет сізге!Біздің балаларда Біз бақытты балдырған әнін біледі .Қане, балалар ән айтып берейік.

 

Хор.Біз бақытты балдырған.

Ару күз:Балалар,мен сендерге ризамын!Өзімнің күзгі бағымнан сендерге алма теріп келейін.Ал сендер мен келгенше мерекені жалғастыра беріңдер. Жарайма,балалар?

Балалар:Жарайды! (кетеді)

Жүргізуші:Балалар,сендер Алма ертегісін білесіңдер ме? Сол алма ертегісінің кейіпкерлері бізде қонақта екен.Тамашалайық!

 

Музыка ойналып көңілді қоян кіре сала:

Қоян: Салем,балақайлар! Мерекелерің құтты болсын! Ой,мына керемет алманы қараңдар,қалай алсам екен? Бойым жетер емес,қалай алсам екен ?А?

Жүргізуші:Ол тал басындағы алманы көріп қалып,ары секіреді,бері секіреді,бойы жетпеген соң Қарғаны көріп:

Қоян:Ей ,Қарға,маған ана алманы үзіп берші?

Жүргізуші: Қарға алманы үзе бергенде алма кетіп бара жатқан тасбақаның үстіне түседі.

Қоян: Тоқта,тасбақа. Алмамды өзіме қайтарып бер. Оны тауып алған мен.

Тасбақа: Бұл менің алмам, ол төбеден құлады. Ал оны мен ұстап алдым.

Қарға: Босқа таласпаңдар. Алма менікі. Мен оны өзім үшін үзіп алдым- деп үшеуі дауласып шығып кетеді.

Жүргізуші: Балалар олар енді не істер екен? Олар бір мәмлеге келгенше біз өз өнерімізді жалғастыра берейік. Балалар күз мезгілінің ерекшеліктерін еске түсіру үшін өлең жолдарын еске түсірейік.

Тақпақ

16.Жай Алихан. Алтын сары, қызыл, көк,

Алуан алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап.

17. Рауан. Ән салындар күліңдер

Жайнап гүлдей күліңдер.

Күздің тойын тойлайық,

Би билейік ойнайық.

18.Арсен Күн суытып

Жапырақтар түседі.

Астық- жеміс жиылды,
Қамбамызға құйылды.

19.Нүрсұлтан Сап-сары маңай,

Сап сары тоғай.

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтып.

20. Самир Күзім ,күзім,күзім,

Пісті алма жүзім.

Тұрғанда бәрін күз беріп,

Кнл алайық біз теріп.

21.Төк. Алихан Алтын түске боялды,

Таумен қырқа дала түз,

Келдім міне ортаңа

Менің атым Алтын күз.

22.Нұрай: Берекесі сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

23.Мейірман: Ақтарады мырза күз ,

Пісіп тұрған жемісті.

Күзге бізде ризамыз,

Аянбаған ел үшін.

Жүргізуші:балалар,мен сендерге жұмбақ жасырамын айтыңдаршы,

Тырс-тырс тамады,

Сайға қарай ағады. Ол не балалар?

Балалар:Жаңбыр.

Жүргізуші:Ал жаңбыр жауғанда қолдарына не ұстаймыз?

Балалар:Қолшатыр.

Жургізуші:Олай болса қолшатырлар биін тамашалайық!

Би: «Қолшатыр»

Би: «Қолшатырлар»

 

(Музыка ойналып үшеуі дауласа қайта кіреді)

Қоян:Жоооқ,ол менің алмам,мен оны бірінші көрдім.Айғай шуды естіген Арыстан:Мұнда не айғай- шу ?Неге айғайласып жатырсыңдар?

Қоян:Арыстан,арыстан,бізге алманың кімдікі екенін айтып берші?

Арыстан:Алманы кім алды?

Қарға:Мен

Арыстан:Кім үзіп алды?

Тасбақа:Мен

Арыстан:Онда мен алманы үшеуіңе бөліп берем!

Тасбақа:Жооқ,алманы төртке бөлейік, бір бөлігі Арыстанға,өйткені ол бізді татуластырды.

Қарға:Рахмет саған Арыстан!

(үшеуі көңілді әуенмен шығып кетеді).

Жүргізуші:Арыстанжан сен не коңілсізсің?

Арыстан:Сәлем балалар!Мен балалардын саксафон биін коргім келіп еді,балалар қайда?

Жүргізуші:Енді түсінікті болды Арыстанжан,көңіліңді түсірме,оданда бізге қонақ бол.Бізде «Алтын күз» мерекесі болып жатыр.Осындағы биші балалар биллей жүріп сенің көңіліңді көтереді.

Балалар арыстан нені жақсы кореди екен

Балалар:биді.

«Би»Саксафоншылар би»

Арыстан:Рахмет,балалар!Мен Сендерге ризаболдым.Сау болыңдар. (кетеді).

Жүргізуші: ал енді Құрметті ата-аналармен ойын ойнайық.(музыка ойналып тұрады жаймен)

Жүргізуші:Балалар, Күз ханшайымы күзгі бақтан сыйлығын әкеле жаткан сияқты,міне, өзі де келе жатқан сияқты.

Музыка ойналып Ару күз бен Тиін кіреді:

Ару күз:Балалар,сендер күзгі бақтың жемісінен дәм тартыңдар!

Міне, алыңдар.(Себеттегі жемістерді балаларға таратып береді)

Ару күз балалармен қоштасып шығып кетеді.

Жүргізуші:Құрметті ата-аналар!Алтын күз мерекесі құтты болсын!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алтын күз "Балбөбек" тобы

 

Алтын күз "Балбөбек" тобы

 

Алтын күз "Балбөбек" тобы

 

Категория: Мероприятия и праздники

 

Алтын Күз "Дарын" тобы

Автор: admin от 2-11-2016, 23:27, посмотрело: 378

0

«Дарын» тобы

(Балалар музыка ырғағымен залға кіреді)

Жүргізуші: Келді міне алтын күз,

Сары шашты жарқын күз.

Мол өнімді ісімен ,

Таң қалдырып халқын күз.

Сәлеметсіздерме,қадірлі қонақтар! Бүгін біз жыл мезгіліндегі еңтамаша- «Берекелі,мерекелі Алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Алуа: Тілегім аман болсын ел іргесі,

Алтын күз қайта келді берекесі.

Жаршысы бола білді,

Алтын күз ырыс,береке ала келді.

Жібек: Ойын күлкі,той думан,

Әсем әнмен сәнді би.

Асығыңдар алыңдар,

Бәрі бізден табылар.

-демекші мерекемізді ән шашудан бастайық.

Ән: «Күз тамаша»

Жібек: Кездескен соң күзімен,

Бұтағынан үзілді,

Ай жапырақ сары алтын,

Айналаның бәрі алтын.

Алуа: Дұрыс айтасың Жібек ендігі кезекті өлең шумақтарына берейік.

Анеля: Сау-сау етіп жапырақ,

Сабағынан үзілді,

Қоңыр тартып атырап,

Көкке құстар тізілді.

Ерден: Жемісі мол теретін,

Күз дос екен бізбенен.

Бәрін тауып беретін,

Жомарт екен күз деген.

Ислам: Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді.

Кел жемісті алтын күз,

Кемелдесін халқымыз.

Махамбет: Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

 

Жан: Алтын сары,қызыл,көк,

Алуан,алуан жапырақ,

Күзгі бақтар күлімдеп,

Көз тартады жалтырап.

 

 

Жүргізуші: Көбейді құт береке,

Астық толы қамбамыз.

Құтты болсын мереке,

Алтын күзді тойлайық.

Ендеше мерекемізді жалғастырайық.Кезекті биге берейік.

Би: «Ретро»

Қойылым: «Жемістер»

Саду: Тоқтаңдар ,тоқтаңдар,

Көзім бұлдырап,басым айналып барады.

Алуа: Енді не істейміз?Садуға қалай көмектесеміз?

Інжу: Сабыр сақтайық,дәрігерді шақырайық.

Саду:Жоқ,жоқ,дәрігер керек емес.

Раймбек: Онда саған дәрі берейік.

Алуа: Жоқ,дәрігер шақырайық.

-Ала,ало,дәрігер,бізге көмек қажет.

-Тез жетіңіз.

Бота(дәрігер):Менің қандай көмегім қажет?

Фатима: Дәрігер,Садуға көмек қажет.

Бота(дәрігер):

Қазір қарап шығайын,

Неден ауырғаныңды ұғайын.

(фонендоскоппен кеудесін тексереді)

А-а-а-а-а деп аузынды аш (тексереді)

-Қызуың жоқ

-Білдім неден ауырғаныңды

-Жеткілікті мөлшерде,дәрумендер жетіспейді.

Фатима: Дәрігер,енді не істейміз?

Бота(дәрігер):

-Көп-көп жемістер жеу керек.

Кәусар:Балалар қазір күз мезгілі ғой,Алтын күзге қоңырау шалайық,бізге көп жемістерін ала келсін

-Ало,ало, Алтын күз бізге көп-көп жемістер керек.Тез жетіңіз.

(музыка ырғағымен Алтын күз кіреді)

Алтын күз: Сәлеметсіңдер ма,балалар.

Балалар сәлеметсізбе Алтын күз.

 

Алтын күз:

Уа,халайық,дархан далам армысың,

Табиғатым жаны жайсаң тал,мүсін.

Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,

Алмақ болып бар халқының алғысын.

Мен Күз ханшайымымын сендерге жемістер керек екенін естіп,жемістерімді ала келдім.

 

 

Мансур: Жүзім пісті бір-бірлеп,

Үзіп мәзбіз біз енді.

Қоңырауы күмбірлеп,

Келді бізге Алтын күз.

Алтынай: Тіл үйірген алмұртпын,

Таңсығымын бар жұрттың.

Жақсы Өсіре алмайды,

Қараса егер салғырт кім.

Жансая: Мен шиемін,шиемін,

Күннің көзін сүйемін,

Қажеттімін адамға,

Оны да білемін.

Нұртас: Мен алмамын,алмамын,

Таңдай жұлар, бар дімім.

Ақерке: Мен өрікпін,өрікпін,

Дәмімен тәтті елітем,

Сүйіктімін сәбилерге,

Айтпасамда бөліп тым.

Сұлтан: Мен алмамын,алмамын,

Таңдандырар бал дәмім,

Пісіп толдым мінекей,

Баптаса егер бағбаным.

Жүргізуші: Алтын күз рахмет сенің сыйыңа.Мінекей бізде Алтын күз мерекесін тойлап жатырмыз,қонағымыз болыңыз,балалардың өнерін тамашалаңыз.

Ендігі әніміз өзіңізге арналады.

Ән: «Күз келгенде»

Алтын күз: Әндерің қандай тамаша Күз мезгілін қатты жақсы көреді екенсіңдер.Менде сендерге жемістеріммен бірге көкөністерімді де ала келдім.

Көрініс: «Көкөністер дауы»

Фатима: Өнім биыл тамаша тамаша,

Көз тоймайды қараса.

Сәбіз, картоп,кәді мен

Қызыл піске қызанақ,

Қырыққабатқа қарашы.

Көкөністер бір кезде жиыла қалып дауласыпты.

Көкөністер: Жиылып қалыппыз бәріміз,

Қайсымыз ең дәмдіміз.

Ішімізден адамға,

Тиеді көп пайдамыз?

Фатима:Мақтаншақ бұршақ ортаға жүгіріп шықты.

Айша(бұршақ):

Кішкене түймедеймін мен,

Ұнаймын мен бәріне,

Дәмді тағамдармен,

Сый жасаймын бәріңе.

Фатима:Ызаланған қызылша қыпқызыл болып кетті.

Саду (қызылша):

Мен бір сөз айтайын,

Мақтанайын сіздерге.

Менсіз борщ болмайды,

Винегретте үстелде.

Кәусар:(қырыққабат)

Мақтанғаннан не пайда,

Менсіз дәмді ши қайда,

Мені қосса самсаға,

Бәрі жейді тамсана.

Раймбек:(қияр)

Дәмім тілді үйірген,

Мен тұздалған күйімде,

Жаңа піске кезімде,

Жейді бәрі сүйсіне.

Нұраян: (шалқан)

Кім білмейді шалқанды,

Талайлар маған таң қалды.

Бәріне сый боламын,

Тауып көр менен дарханды.

Нұрхан:(сәбіз)

Кім бар сәбіз шырынын,

Жастайынан ішпеген?

Мені жеген адамдар,

Кем болмайды күшкеде.

Айдина:(Қызанақ)

Піске кезде қызанақ,

Көз тартар қызыл түсімен.

Барма адам сүйсінбей,

Томат шырынын ішпеген.

Інжу:(пияз)

Боламын мен дәмдеуіш,

Барлық,барлық тағамға.

Көкөністер ішінен,

Мен пайдалы адамға.

Бота:(картоп)

Мен ұялшақ картоппын,

Мен емеспін мақтанар.

Мені жақсы көреді,

Үлкендер мен балалар.

Бос айтысты қоялық,

Дауласуды тоқтатайық.

Көкөністер:

Жиылып қалыппыз бәріміз,

Қайсымыз ең дәмдіміз.

Ішімізден адамға,

Тиеді көп пайдамыз?

Фатима: Көкөністер бәрі де,

Денсаулыққа пайдалы.

Мұны жатқа біліңдер,

Оларды жақсы көріңдер.

Жүргізуші:Балалар көкөністер мен жемістердің барлығы да денсаулыққа пайдалы екен.Жемістер мен көкөністерде дәрумендер көп екен.Оларды күнделікті асымызға пайдаланумыз керек.

Алтын күз:Иа,балалар көкөністер мен көкөністерді күнделікті жеп отырсаңдар дендерің сау,күштерің көп болады.Олар дәрумендерге бай,ал сендерге дәрумендер өте қажет.

Балалар, менің сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр,ойнаймыз ба?

Балалар: Иа,ойнаймыз.

Ойын: «Дәмін ажырат»

Алтын күз: Жарайсыңдар балалар сендер жемістерді ажырата білдіңдер.

Алуа: Ән салыңдар күліңдер

Жайнап гүлдей жүріңдер.

Күздің тойын тойлайық,

Би билейік,ойнайық.

Жібек:Дұрыс айтасың Алуа,бүгінгі мерекеге ұлдар да өз өнерлерін ала келіпті.Ендігі кезекті ұлдардың биіне берейік.

Би: «Саңырауқұлақтар»

Жібек: Жер берді жемісті,

Күз келді келісті.

Күз байлық береке,

Алтын күз мереке.

Алуа:Олай болса келесі кезекті әнге берейік.Алтын күз бізбен бірге тамашаланыз.

Ән: «Күз»

Ойын: «Жұмбақтың шешуін тап» (ата-аналармен )

Алуа: Өнім үйіп тастадық,

Оқуды да бастадық.

Берекелі Алтын күз,

Ашық болсын аспаның.

Алтын күз ендігі кезекті қыздардың биіне берейік.

Би: «Шығыс биі»

Жүргізуші: Айнала сары ала,

Қырмаға дән тола,

Көкөністер пісіпті,

Қоймаға түсіпті.

-демекші,күз мезгілі берекелі де,мерекелі екен.Ендігі кезекті «Күз жомарт»

әнімізге берейік.

Ән: «Күз жомарт»

Жүргізуші: «Алтын күз» біздің қыздардың аналарымен бірге тіккен киім үлгілеріне кезек берейік. «Алтын күз-2016 ж» топтамсын ортаға шақырайық.

(музыкамен қыздар киім үлгілерін ортаға шығып көрсетеді)

Алтын күз: Жарайсыңдар балалар өнерлерің өрге жүзсін өте өнерлі балалар екенсіңдер.Мені басқа балабақшада да күтіп отыр.Олай болса оларды көп күттірмей жолға шығайын.

Сау болыңдар балалар.Келесі Күзде кездескенше.

Балалар:Сау болыңыз Алтын күз.

Жүргізуші: Берекелі бақ-даулет,

Арта түссін тойланып

Сау болайық бәріміз,

Келгенше күз айналып.

Құрметті қонақтар осымен біздің балаларымыздың дайындаған мерекелік концертіміз аяқталды .Мерекемізді «Алақай ,күз келді» әнімізбен аяқтаймыз.

 

 

Алтын Күз "Дарын" тобы

 

Категория: Мероприятия и праздники

 

КП "Алғашқы қабылдау"

Автор: admin от 2-11-2016, 23:22, посмотрело: 378

0

Алғашқы қабылдау

Өтілу түрі: ата-аналар жиналысы

Мерзімі:

Мақсаты: ата-аналарды кеңес беру орталығы жұмысымен таныстыру

Міндеттері:

·Кенес беру орталығының мақсат-міндеттерімен таныстыру

·Кеңес беру орталығының жұмыс жоспаымен таныстыру

·Баланың дамуына ата-ананың белсенділігін арттыру

·Психологиялық-әлеуметтік жағдайына көмек көрсетудегі басқарушылықты одан әрі жетілдіру.

Ата –аналарға арналған кеңес беру орталығының мақсаттары:

·Жан-жақты көмекті ата-аналарға (жеке тұлға ) мектепке дейінгі ұйымға бармайтын баланың дамуына жағдай жасау.

·Кеңес бөлімінің көмегі – ата-аналарға (заңды тұлғаға),мектепке дейінгі ұйымға бармайтын бала тәрбиесіне арналған әр түрлі сұрақтарға жауап беру.

·Мектеп жасына дейінгі балабақшаға бармайтын балаға социалды көмек көрсету.

·Мектепке дейінгі білім беру ұйымына бармайтын,мектеп жасына дейінгі балаларға ,әр түрлі ауытқулары бар балалардың физикалық,психологиялық,әлеуметтік дамуындағы профилактикасын жүргізу.

·Барлық білім беру ұйымдарымен бірлесе отырып,ортақ білім беру бағдарламасы мен мектепке дейінгі ұйымда басқада әлеуметтік ұйымдар,медициналық қолдау балаларға және ата-аналарға (заңды тұлғаға).

·Айырыптану,диагностикалау арқылы балаларды,әр түрлі кедергі жағдайлардан сақтап қалу мақсатында кедергілердің алдын алу.

Кеңес беру орталығының міндеті :

·Әлеуметтік жағдайы қиын отбасындағы балаларға педагогикалық-психологиялық қызмет көрсету;

·Отбасындағы ата-ананың бала тәрбиесіндегі педагогикалық білімін зерттеу;

·Баланың жасына сәйкес дамытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарға бағыт беру;

·Тілінің дамуында мүкістігі бар балаларды бақылап,зерттеу жүргізу;

·Ата-аналарға бала тілін дамытудың жолдары, әдістері туралы білім беру;

·Сөйлеу техникасына арналған «Тілдік жаттығу» педагогикалық оқулар ұйымдастыру;

·Баламен психологиялық зерттеу жүргізіп,диагностикалау;

·Жұмыс жүргізіліп,бақыланған,зерттелген баламен психологиялық профилактика жүргізу;

Кеңес беру орталығында ата аналар мен балаларға кеңес беру мақсатында әлеуметтік педагог, психолог маманы кабинеті және логопед маманы кабинеттері бар.Кеңес беру орны мамандары бекітілген жұмыс кестесі бойынша жұмыс жасайды. ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көрсетілгендей:

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын сақтау және дамыту қажеттілігін мектепке дейінгі білім беру қызметіне балаларды отбасы жағдайында тәрбиелейтін отбасыларға көмек көрсетуде қол жетімділікті нығайту мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізілді.

2016-2017 оқу жылында кеңес беру пункті мамандарымен бірлесе отырып жылдық жоспар құрылып, оқу жылына кеңес беру пункті мамандарының үш отырысы жоспарлы өткізілді.

Кеңес беру пункті жұмысы төрт бағытты қамтуға арналған:

- Педагогтармен

- Балалармен

- Ата -аналармен

- Осы ауданда тұратын балалар мен ата- аналарға кеңес беру.

Тәрбиешілер, психолог мамандары тарапынан ата-аналарға балаларды мектепке қалай дайындау керектігі жөнінде «Баланың қырсықтығы мен қыңырлығы», «Қорқыныш пен үрейден қалай арылуға болады?», «Баланың тілін дамытуға қалай көмектесу керек?», «Бала қандай ойыншықтармен ойнау қажет?», «Отбасының бала дамуына әсері» атты тақырыптарында кеңестер беріліп, экспресс-сауалнамалар, тренингтер, тесттер жүргізіліп зерттеледі.

Зерттеу мақсатында:

-Мектепке бармайтын балалар саны;

-Балалардың тұрмыс жағдайын және әлеуметтік психологиялық анамнезі;

-Кеңес беру орны туралы мағлұмат беріледі.

Кеңес беру орталығында:

-Әлеуметтік жағдайы қиын отбасындағы балаларға педагогикалық – психологиялық қызмет көрсету;

-Отбасындағы ата-ананың бала тәрбиесіндегі педагогикалық білімін зерттеу;

-Баланың жасына сәйкес дамытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарға бағыт беру;

-Тілінің дамуында мүкістігі бар балаларды бақылап, зерттеу жүргізу;

-Ата-аналарға бала тілін дамытудың жолдары, әдістері туралы білім беру;

-Сөйлеу техникасына арналған «Тілдік жаттығу» педагогикалық оқулар ұйымдастыру;

-Баламен психологиялық зерттеу жүргізіп, диагностикалау;

-Жұмыс жүргізіліп, бақыланған, зерттелген баламен псизхологиялық профилактика жүргізу:

Баяндама

Баланың ақыл – ой дамуындағы ойынның алатын орны.

 

"Ойынсыз толық ой-өрісінің дамуы жоқ және болуы мүмкін емес. Ойын – бұл өте үлкен жарық тезе, сол арқылы балаланың рухани дүниесіне түсініктердің енуі. Ойынсыз толық ақыл –ой дамуының болуы мүмкін емес. Ойын –бұл үлкен жарық терезе, сол арқылы баланың мәдени әлеміне ұғымдар мен түсініктер легі енеді. Ойын – еңбексүйгіштік пен ынталылықты жағатын сәуле. ”

В.А. Сухомлинский.

Мектепке дейінгі жаста кішкентай баланың өмірінде ойын маңызды орын алады. Балаларда ойын қажеттілігі мектептегі бірінші жылдары да сақталады және маңызды орын алады. Ойында шынайы өмір көріністері, уақытпен, аумақтан көрсетілмейді. Балалар – бүгінгі мен келешекті құрушылар. Ойынның кереметтілігі осында. Әр қоғам дамуының кезеңіне балалар халықпен бірге өмір сүреді. Бірақ та қоршаған орта балаға басқаша көрінеді, үлкендерге қарағанда. Бала – «Жаңашыл», ол үшін бәрі жаңалыққа толы.

Ойында балаға үлкендерге бұрыннан таныс жайларды жаңалық ретінде көрсетеді. Балалар ойында ойнаудан басқа өзгеше ойларды ойламайды.

"Ойын, бұл өсіп келе жатқан бала ағзасының қажеттілігі.О йында баланың физикалық күші дамиды, қолы қатаяды, көзі өткір, жинақылық, тапқырлық, қасиеттері дамиды»-, деп танымал кеңес педагогі Н.К.Крупская жазған. Ол сонымен қатар ойын кезінде әсерлермен, көріністердің кеңею, балалардың өмірге енуі, ойынның шындықпен, өмірмен байланысын көрсетті.

Мектеп жасына дейінгі балалар үшін ойын маңызды орын алады: ойын олар үшін – сабақ, ойын олар үшін – еңбек, ойын олар үшін – тәрбиелеудің қатал түрі. Ойын мектеп жасына дейінгі балалар үшін – қоршаған ортаны танудың тәсілі.

Мектептегі балалардың ойынға деген қажеттілігі мен ойынауға деген тілектерін белгілі бір білім тапсырмаларын шешу мақсатына қарай бағыттау керек. Ойын егерде толық педаогогикалық үрдіске қосылатын болса, онда ол тәрбиелеу құралы болып табылады. Ойын арқылы, ойынды балалар өмірінде ұйымдастыра отыра тәрбиеші бала тұлғасының жан –жақты дамуына әсер етеді: сезіміне, танымына, еркіне және тәртібіне толықтай.

Ойын барысында бала жаңа білім, білік, дағдыны меңгереді. Қабылдау, назар, ес, ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналаған ойындар толықтай мектепке дейінгі жастағы баланың ақыл ой-өрісінің дамуына бағытталған. Ақыл ой-өрісін тәрбиелеу және интеллекті дамытуда математика ерекше орын алады. Қазіргі таңда, компьютер кезеңінде «Әр адам математик бола алмайды» деген ұғым, көзқарас ескірді.

Бүгін, ал келешекте тіптен математика әр түрлі мамандық иелерінің көп бөлігіне қажет болады. Математикада балаларды ерте жастан оқыту үрдісінде ойлауын дамыту үшін үлкен мүмкіндіктер еңгізілген.

 

 

 

Қорытынды:

Ата-аналарға кенес беру орталығының мақсат-міндеттері мен жұмыс жүйесімен танысты. Сондай-ақ, кеңес беру орталығының жұмыс жоспарымен таныстырылды. Ата-аналарға баланың дамуына ата-ананың белсенділігін арттыру жөнінде кеңестер баяндалды. Ата-аналарда

Психологиялық-әлеуметтік жағдайына көмек көрсетудегі басқарушылықты одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар айтылды.

Категория: Родителям

 

Кеңес беру орталығының жұмыс жоспары

Автор: admin от 2-11-2016, 23:06, посмотрело: 587

0

 

КМҚК №150 бөбекжай-балабақшасының құрылған кеңес пунктінің (КП)

жұмыс жоспары

 

 

1. КМҚК №150 б/б кеңес пункті (КП) 01.09.2016 жылдан бастап құрылды, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Ақкент 19а КМҚК №150 б/б орналасқан. Жұмыс уақыты дүйсенбі-жұма күндері, сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін. Кеңес пунктінде жұмыс істейтін мамандар: педагог-психолог, музыка жетекшілері, дене тәрбиесі жетекшісі, тәрбиешілер.

2. КП жұмыс жоспары келесі бағытта атқарылады:

 

Тақырыптық бөлімдер

Мазмұны

Жауапты

Қабылдау күндері

1

«Анықтамалық бюро»

 

әдіскердің кеңестері (құқықтары мен міндеттері, ережелер мен талаптар және басқалар жайлы)

әдіскер-Әлімбек М.Д.

сейсенбі-бейсенбі

2

«Психология патшалығы»

 

Ата-аналарға кеңес, диагностика, тренинг, семинар, дөңгелек үстел т.б.

Психолог- Тойшыбай Ә.Б.

сәрсенбі-жұма

3

«Денсаулық әліппесі»

 

Шынықтыру шаралары жайлы кеңестер, біріккен іс-шаралар, т.б.

Мейірбике-Умирбаева М.М.

 

дүйсенбі

4.

«Музыкалық қонақжай»

 

Мерекелік іс-шаралар, ертеңгіліктер, үйірмелер, музыкалық кеңестер.

ән жетекшісі-Жұманова Ғ.С.

 

бейсенбі

5

«Педагогикалық мозайка»

 

Ата-аналарға арналған дамытушы жаттығулар, кеңестер т.б.

Тәрбиешілер,

әдіскер, психолог.

жұма

6

«Келіңіз, әңгімелесейік»

 

Ата-аналардың сұрақтарына жауап беру

Барлық мамандар

күнделікті

 

3. Отбасымен жұмыс түрлері:

 

Тақырыбы

өтілу түрі

Уақыты

жауаптылар

1

Алғашқы қабылдау

 

Жалпы ата-аналар жиналысы

09.2016

Меңгеруші, әдіскер

2

Диагностикалық тексеру

сауалнама

10.2016

Педагог-психолог

3

Жеке бағдарлама бойынша

1) «Өнерлі екен он саусақ»

Бала мен отбасы шығармашылығы, кеңестер

Тоқсан сайын

Ортаңғы топ

2) «Ойын -бала өмірінің негізі»

Кеңес, біріккен іс-шаралар

Тоқсан сайын

Кіші топ

3) «Ертегілер елінде»

 

Театрлық қойылымдар

Тоқсан сайын

Ересек топ

 

4) «Әріптер мен сандар сыр шертеді»

Кеңестер, дамытушы сабақтар

Тоқсан сайын

МДТ

4

«Дені сау бала- дені сау қоғам» ата-аналардың сұрақтары бойынша

Ашық есік күндері

04.2017

Меңгеруші, мейірбике, әдіскер, тәрбиешілер.

5

Дамытушы сабақтар:

«Өз қолымызбен жасаймыз»

Ата-аналармен бірлескен жұмыс

Әр айда 1 рет

Ортаңғы топ

«Көңілді қуыршақтар»

 

Әр айда 1 рет

Ересек топ

«Музыка әлемінде»

 

Әр айда 1 рет

Кіші топ

«Көңілді әріптер»

 

Әр айда 1 рет

МДТ

«Би де билей аламыз»

 

Тоқсан сайын

ІІ кіші топ

«Сенсорикалық тәрбие»

 

Әр айда 1 рет

Кіші топ

«Біз-саяхатшылармыз»

 

Әр айда 1 рет

Ересек топ

«Бірге ойын ойнайық»

 

Әр айда 1 рет

Ортаңғы топ

«Болашақ оқушы және ата-аналары»

 

Әр айда 1 рет

МДТ

6

Бірлескен отбасылық ойын-сауық:

1) «Ғажайып табиғатты тамашалайық»

Ата-аналармаен бірлескен «Гүлстан» гүлзарына саяхат

09.2016

Меңгеруші, әдіскер, ата-аналар, тәрбиешілер

 

2) Денсаулық күні

Спорттық ойын-сауық

09.2016

тәрбиешілері, музыка дене тәрбиесі жетекшілері, әдіскер

 

3) Алтын күз

ертеңгілік

10.2016

тәрбиешілері, музыка дене тәрбиесі жетекшілері, әдіскер

 

4) Күзгі туылған күндер

Ойын-сауық

11.2016

тәрбиешілері, музыка жетекшілері, әдіскер

 

5)Кел жаңа жыл-жаңа жыл!

Ертеңгілік

12.2016

тәрбиешілері, музыка жетекшілері, әдіскер

 

6)Қысқы туылған күндер

Ойын-сауық

01.2017

тәрбиешілері, музыка жетекшілері, әдіскер

 

7) Денсаулық күні «Қыс қызығы»

Ойын-сауық

02.2017

тәрбиешілері, музыка жетекшілері, әдіскер

 

8) Аналар меерекесі

Ертеңгілік

03.2017

тәрбиешілері, музыка жетекшілері, әдіскер

 

9) «Қош келдің-әз Наурыз!»

ертеңгілік

03.2017

тәрбиешілері, музыка жетекшілері, әдіскер

 

10) «Спорт-денсаулық кепілі»

Ата-аналармен бірлескен спорттық мереке

04.2017

Дене тәрбиесі, музыка жетекшілері, әдіскер

 

11)Менің отбасымдағы бақытым

Отбасылық газет

04.2017

Тәрбиешілер, ата-аналар

 

12) «Қош бол балабақшам!»

МДТ балабақшамаен қоштасу кеші

05.2017

МДТ тәрбиешілері, музыка жетекшілері, әдіскер

 

 

4.КП ата-аналарға арналған жұмыс түрі:

 

тақырыбы

мазмұны

Уақыты

жауапты

1

«Балалардың жас ерекшелігі»

Кеңес

09.2016

әдіскер

2

«Отбасымен араласу өнері»

Ата-аналармен, тәрбиешілермен біріккен дөңгелек үстел.

10.2016

меңгеруші

әдіскер тәрбиешілер

3

«Бала құқығы туралы конвенция»

Конференция

10.2016

Меңгеруші, әдіскер

4

«Баланың балабақшаға бейімделуі»

Кеңес

10.2016

Педагог-психолог

5

«Баланы еркелетудің де жөні бар»

Кеңес

11.2016

әдіскер

6

«Тәрбие отбасынан басталады»

Ата-аналармен жүргізілетін КТК (көңілді тапқырлар клубы)

11.2016

меңгеруші

7

«Жанұядағы әке тәрбиесі»

Дөңгелек үстел

12.2016

Меңгеруші, әдіскер

8

Баланың ерте кезеңнен бастап дамуына ықпал жасау

Кеңес

12.2016

Педагог-психолог

9

«Адамгершілік –рухани тәрбиенің маңыздылығы»

Семинар

01.2017

әдіскер

10

«Бала денсаулығына қалай көңіл бөлесіз?»

Семинар

02.2017

Меңгеруші, мейірбике

11

«Отбасы және мен»

Тренинг

02.2017

Педагог-психолог

12

Баланың дене тәрбиесін қалыптастыруда отбасының ролі

Кеңес

02.2017

әдіскер, дене тәрбиесі жетекшісі,

13

Бала денсаулығын нығайтуда отбасы мен балабақшаның байланысы

Семинар -практикум

03.2017

Меңгеруші, әдіскер, мейірбике, дене тәрбиесі жетекшісі, тәрбиешілер

14

«Дені сау бала-ұлт болашағы»

Дөңгелек үстел

04.2017

әдіскер, тәрбиешілер

15

«Музыканың бала дамуындағы маңызы»

Кеңес

05.2017

Психолог, ән жетекшісі

 

Категория: Родителям