Алтын Күз "Дарын" тобы

Автор: admin от 2-11-2016, 23:27, посмотрело: 305

0

«Дарын» тобы

(Балалар музыка ырғағымен залға кіреді)

Жүргізуші: Келді міне алтын күз,

Сары шашты жарқын күз.

Мол өнімді ісімен ,

Таң қалдырып халқын күз.

Сәлеметсіздерме,қадірлі қонақтар! Бүгін біз жыл мезгіліндегі еңтамаша- «Берекелі,мерекелі Алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Алуа: Тілегім аман болсын ел іргесі,

Алтын күз қайта келді берекесі.

Жаршысы бола білді,

Алтын күз ырыс,береке ала келді.

Жібек: Ойын күлкі,той думан,

Әсем әнмен сәнді би.

Асығыңдар алыңдар,

Бәрі бізден табылар.

-демекші мерекемізді ән шашудан бастайық.

Ән: «Күз тамаша»

Жібек: Кездескен соң күзімен,

Бұтағынан үзілді,

Ай жапырақ сары алтын,

Айналаның бәрі алтын.

Алуа: Дұрыс айтасың Жібек ендігі кезекті өлең шумақтарына берейік.

Анеля: Сау-сау етіп жапырақ,

Сабағынан үзілді,

Қоңыр тартып атырап,

Көкке құстар тізілді.

Ерден: Жемісі мол теретін,

Күз дос екен бізбенен.

Бәрін тауып беретін,

Жомарт екен күз деген.

Ислам: Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді.

Кел жемісті алтын күз,

Кемелдесін халқымыз.

Махамбет: Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

 

Жан: Алтын сары,қызыл,көк,

Алуан,алуан жапырақ,

Күзгі бақтар күлімдеп,

Көз тартады жалтырап.

 

 

Жүргізуші: Көбейді құт береке,

Астық толы қамбамыз.

Құтты болсын мереке,

Алтын күзді тойлайық.

Ендеше мерекемізді жалғастырайық.Кезекті биге берейік.

Би: «Ретро»

Қойылым: «Жемістер»

Саду: Тоқтаңдар ,тоқтаңдар,

Көзім бұлдырап,басым айналып барады.

Алуа: Енді не істейміз?Садуға қалай көмектесеміз?

Інжу: Сабыр сақтайық,дәрігерді шақырайық.

Саду:Жоқ,жоқ,дәрігер керек емес.

Раймбек: Онда саған дәрі берейік.

Алуа: Жоқ,дәрігер шақырайық.

-Ала,ало,дәрігер,бізге көмек қажет.

-Тез жетіңіз.

Бота(дәрігер):Менің қандай көмегім қажет?

Фатима: Дәрігер,Садуға көмек қажет.

Бота(дәрігер):

Қазір қарап шығайын,

Неден ауырғаныңды ұғайын.

(фонендоскоппен кеудесін тексереді)

А-а-а-а-а деп аузынды аш (тексереді)

-Қызуың жоқ

-Білдім неден ауырғаныңды

-Жеткілікті мөлшерде,дәрумендер жетіспейді.

Фатима: Дәрігер,енді не істейміз?

Бота(дәрігер):

-Көп-көп жемістер жеу керек.

Кәусар:Балалар қазір күз мезгілі ғой,Алтын күзге қоңырау шалайық,бізге көп жемістерін ала келсін

-Ало,ало, Алтын күз бізге көп-көп жемістер керек.Тез жетіңіз.

(музыка ырғағымен Алтын күз кіреді)

Алтын күз: Сәлеметсіңдер ма,балалар.

Балалар сәлеметсізбе Алтын күз.

 

Алтын күз:

Уа,халайық,дархан далам армысың,

Табиғатым жаны жайсаң тал,мүсін.

Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,

Алмақ болып бар халқының алғысын.

Мен Күз ханшайымымын сендерге жемістер керек екенін естіп,жемістерімді ала келдім.

 

 

Мансур: Жүзім пісті бір-бірлеп,

Үзіп мәзбіз біз енді.

Қоңырауы күмбірлеп,

Келді бізге Алтын күз.

Алтынай: Тіл үйірген алмұртпын,

Таңсығымын бар жұрттың.

Жақсы Өсіре алмайды,

Қараса егер салғырт кім.

Жансая: Мен шиемін,шиемін,

Күннің көзін сүйемін,

Қажеттімін адамға,

Оны да білемін.

Нұртас: Мен алмамын,алмамын,

Таңдай жұлар, бар дімім.

Ақерке: Мен өрікпін,өрікпін,

Дәмімен тәтті елітем,

Сүйіктімін сәбилерге,

Айтпасамда бөліп тым.

Сұлтан: Мен алмамын,алмамын,

Таңдандырар бал дәмім,

Пісіп толдым мінекей,

Баптаса егер бағбаным.

Жүргізуші: Алтын күз рахмет сенің сыйыңа.Мінекей бізде Алтын күз мерекесін тойлап жатырмыз,қонағымыз болыңыз,балалардың өнерін тамашалаңыз.

Ендігі әніміз өзіңізге арналады.

Ән: «Күз келгенде»

Алтын күз: Әндерің қандай тамаша Күз мезгілін қатты жақсы көреді екенсіңдер.Менде сендерге жемістеріммен бірге көкөністерімді де ала келдім.

Көрініс: «Көкөністер дауы»

Фатима: Өнім биыл тамаша тамаша,

Көз тоймайды қараса.

Сәбіз, картоп,кәді мен

Қызыл піске қызанақ,

Қырыққабатқа қарашы.

Көкөністер бір кезде жиыла қалып дауласыпты.

Көкөністер: Жиылып қалыппыз бәріміз,

Қайсымыз ең дәмдіміз.

Ішімізден адамға,

Тиеді көп пайдамыз?

Фатима:Мақтаншақ бұршақ ортаға жүгіріп шықты.

Айша(бұршақ):

Кішкене түймедеймін мен,

Ұнаймын мен бәріне,

Дәмді тағамдармен,

Сый жасаймын бәріңе.

Фатима:Ызаланған қызылша қыпқызыл болып кетті.

Саду (қызылша):

Мен бір сөз айтайын,

Мақтанайын сіздерге.

Менсіз борщ болмайды,

Винегретте үстелде.

Кәусар:(қырыққабат)

Мақтанғаннан не пайда,

Менсіз дәмді ши қайда,

Мені қосса самсаға,

Бәрі жейді тамсана.

Раймбек:(қияр)

Дәмім тілді үйірген,

Мен тұздалған күйімде,

Жаңа піске кезімде,

Жейді бәрі сүйсіне.

Нұраян: (шалқан)

Кім білмейді шалқанды,

Талайлар маған таң қалды.

Бәріне сый боламын,

Тауып көр менен дарханды.

Нұрхан:(сәбіз)

Кім бар сәбіз шырынын,

Жастайынан ішпеген?

Мені жеген адамдар,

Кем болмайды күшкеде.

Айдина:(Қызанақ)

Піске кезде қызанақ,

Көз тартар қызыл түсімен.

Барма адам сүйсінбей,

Томат шырынын ішпеген.

Інжу:(пияз)

Боламын мен дәмдеуіш,

Барлық,барлық тағамға.

Көкөністер ішінен,

Мен пайдалы адамға.

Бота:(картоп)

Мен ұялшақ картоппын,

Мен емеспін мақтанар.

Мені жақсы көреді,

Үлкендер мен балалар.

Бос айтысты қоялық,

Дауласуды тоқтатайық.

Көкөністер:

Жиылып қалыппыз бәріміз,

Қайсымыз ең дәмдіміз.

Ішімізден адамға,

Тиеді көп пайдамыз?

Фатима: Көкөністер бәрі де,

Денсаулыққа пайдалы.

Мұны жатқа біліңдер,

Оларды жақсы көріңдер.

Жүргізуші:Балалар көкөністер мен жемістердің барлығы да денсаулыққа пайдалы екен.Жемістер мен көкөністерде дәрумендер көп екен.Оларды күнделікті асымызға пайдаланумыз керек.

Алтын күз:Иа,балалар көкөністер мен көкөністерді күнделікті жеп отырсаңдар дендерің сау,күштерің көп болады.Олар дәрумендерге бай,ал сендерге дәрумендер өте қажет.

Балалар, менің сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр,ойнаймыз ба?

Балалар: Иа,ойнаймыз.

Ойын: «Дәмін ажырат»

Алтын күз: Жарайсыңдар балалар сендер жемістерді ажырата білдіңдер.

Алуа: Ән салыңдар күліңдер

Жайнап гүлдей жүріңдер.

Күздің тойын тойлайық,

Би билейік,ойнайық.

Жібек:Дұрыс айтасың Алуа,бүгінгі мерекеге ұлдар да өз өнерлерін ала келіпті.Ендігі кезекті ұлдардың биіне берейік.

Би: «Саңырауқұлақтар»

Жібек: Жер берді жемісті,

Күз келді келісті.

Күз байлық береке,

Алтын күз мереке.

Алуа:Олай болса келесі кезекті әнге берейік.Алтын күз бізбен бірге тамашаланыз.

Ән: «Күз»

Ойын: «Жұмбақтың шешуін тап» (ата-аналармен )

Алуа: Өнім үйіп тастадық,

Оқуды да бастадық.

Берекелі Алтын күз,

Ашық болсын аспаның.

Алтын күз ендігі кезекті қыздардың биіне берейік.

Би: «Шығыс биі»

Жүргізуші: Айнала сары ала,

Қырмаға дән тола,

Көкөністер пісіпті,

Қоймаға түсіпті.

-демекші,күз мезгілі берекелі де,мерекелі екен.Ендігі кезекті «Күз жомарт»

әнімізге берейік.

Ән: «Күз жомарт»

Жүргізуші: «Алтын күз» біздің қыздардың аналарымен бірге тіккен киім үлгілеріне кезек берейік. «Алтын күз-2016 ж» топтамсын ортаға шақырайық.

(музыкамен қыздар киім үлгілерін ортаға шығып көрсетеді)

Алтын күз: Жарайсыңдар балалар өнерлерің өрге жүзсін өте өнерлі балалар екенсіңдер.Мені басқа балабақшада да күтіп отыр.Олай болса оларды көп күттірмей жолға шығайын.

Сау болыңдар балалар.Келесі Күзде кездескенше.

Балалар:Сау болыңыз Алтын күз.

Жүргізуші: Берекелі бақ-даулет,

Арта түссін тойланып

Сау болайық бәріміз,

Келгенше күз айналып.

Құрметті қонақтар осымен біздің балаларымыздың дайындаған мерекелік концертіміз аяқталды .Мерекемізді «Алақай ,күз келді» әнімізбен аяқтаймыз.

 

 

Алтын Күз "Дарын" тобы

 

Категория: Мероприятия и праздники

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищенной ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Введите код: *