Материалы за Март 2025 года » Государственное коммунальное казенное предприятие №150 бөбекжай-балабақшасы КМҚК
Государственное коммунальное казенное предприятие
«Ясли-сад №150»
Управления образования города Алматы
Меңгеруші:
+7(727)309-98-04
Әдіскер:
+7(727) 309-98-04
Версия для
слабовидящих
» Материалы за Март 2025 года
Мартнама: 18 март – Ұлттық киім күні
18
март
2025
Мартнама: 18 март – Ұлттық киім күні
Ұлттық киім күні – ата-бабалар мұрасын бүгінгі ұрпаққа жеткізудің, насихаттаудың, әрі жастарды тарихи болмысқа жақындатудың тамаша жолы. Ұлттық киімдеріміз – шеберліктің, сән-салтанаттың, ұрпақ сабақтастығының көрінісі. Ерлер киімі мен әйелдер киімі өз ерекшелігімен, өрнегімен, түстік үйлесімімен және тігіс мәнерімен дараланады. Қазақтың шапаны, камзолы, сәукелесі мен тақиясы, кестеленген көйлегі мен мәсісі – әрқайсысы ғасырлар қойнауынан жеткен өнер туындысы. Игі дәстүр – ұрпаққа тамыры
Бесікке салу дәстүрі .
17
март
2025
Бесікке салу дәстүрі .
Бесікке салу — нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі. Бесікке саларға шақырылған ауыл-үйдің әйелдері шашуын, жол-жоралғысын ала келеді. Баланы алғашқы бөлеу үлгілі ұрпақ өсірген қадірменді әйелге тапсырылады. Ол өзінен басқа тағы бір-екі келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды, сәбидің әжесі не шешесі түбектің тесігінен балаларға тәтті үлестіреді. Осыдан кейін бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бесікке салған әйелдерге көйлек, жаулық сияқты сый тартылады. Үлкендер батасын беріп, баланың ер
Тұсау кесу дәстүрі.
17
март
2025
Тұсау кесу дәстүрі.
Тұсаукесер – сәби бесіктен шығып, еңбектеуден өткен соң, қаз тұрып, тәй-тәй басқанда жасалатын дәстүр. Бала екі табанымен тұрып, алғашқы қадам жасауға талпына бастаған сәтте дана қазақ “баламыз тез жүріп кетсін” деген ниетпен, сәбидің тұсауын кестіріп, думандатын той жасайды. Ырымшыл қазақ тұсауы кесілмеген бала сүріншек, болашақта жығылғыш болады деп пайымдайды. Ал тұсауы кесілген бала біреудің ала жібін аттамайтын адал, жолы ашық азамат болады деп санаған. Сондықтан, қаз тұрып, тәй-тәй басып
Тазалық апталығы .
14
март
2025
Тазалық апталығы .
Ортаңғы “Еркем-ай” тобы; Тақырыбы: “Тазалық - табалдырықтан басталады”; Мақсаты:Балалардың бойында денсаулық сақтаудың бірден-бір жолы тазалық сақтау екендігі жөнінде түсініктерін тереңдету. Салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.
Ұлыстың ұлы күні – Көрісу күні құтты болсын!
14
март
2025
Ұлыстың ұлы күні – Көрісу күні құтты болсын!
Ұлыстың ұлы күні – Көрісу күні құтты болсын! Амал мерекесі – ежелден келе жатқан дәстүріміздің бірі, ағайынның амандығын сұрап, бір-бірімен көрісетін, бауырмалдықты арттыратын ерекше күн. Бұл күнгі ізгі тілек пен ақ жарма ниет жыл бойы бізбен бірге болсын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, деніміз сау, ғұмырымыз ұзақ болсын! Баршаңызға бақыт, құт-береке, молшылық тілеймін! 
Көрісу күні құтты болсын !!"Бір жасың құтты болсын!": Амал көрісу дегеніміз не және оны қалай тойлайды
14
март
2025
Көрісу күні құтты болсын !!"Бір жасың құтты болсын!": Амал көрісу
Амал мерекесі жайлы не білеміз?Амал мерекесі жайлы ғалымдардың пікірі әр түрлі. Көрісу күнін зерттеп жүрген ғалымдардың біразы бұл күнді географиялық ерекшеліктермен байланыстырса, кейбірі Март мейрамының алғашқы мерекесі деп айтып жүр. Ертеректе көшпенділер салтымен өмір сүрген қазақ халқы қыс айларында бір-бірін көре алмай, көктем шығып, күн жылына бастағанда сағынысып көріскен. Көрісу жайлы жазылған ақпараттардың бірінде қыстан аман шыққан адамдардың саулық сұрасуы дәстүр боп сақталып
Кинетикалық құм
13
март
2025
Кинетикалық құм
Кіші “Күншуақ” тобы; Тәрбиеші: Турсынбекова Б.С. Кинетикалық құм – балалардың ұсақ моторикасын, шығармашылығын және сенсорлық дамуын қолдайтын ерекше құрылымды материал. Ол құрғақ, бірақ қолмен ұстағанда жабысып, пішіндерін сақтай алады.  
Артикуляциялық гимнастика (кеңес)
12
март
2025
Артикуляциялық гимнастика (кеңес)
Артикуляциялық гимнастика – бұл артикуляциялық аппараттың бұлшықеттерін күшейтуге, сөйлеу процесіне қатысатын органдардың күшін, қозғалғыштығын және қимыл-қозғалысын үйлестіруге бағытталған арнайы жаттығулар жиынтығы. Артикуляциялық гимнастиканың мақсаты – артикуляциялық аппарат мүшелерінің толыққанды қимылдары мен белгілі бір позицияларын дамыту, қарапайым қимылдарды дыбыстарды дұрыс айтуға қажетті күрделі қимылдарға біріктіре білу. Артикуляциялық гимнастика сөйлеу дыбыстарын – фонемаларды
Дала құстарына ұя жасайық!
11
март
2025
Дала құстарына ұя жасайық!
Ересек “Бәйтерек” тобы; Тақырыбы: “Құстар біздің досымыз” Мақсаты: Балаларға әңгімелеу, ұғымдарын кеңейту, құстар туралы мағлұмат беру, ой-өрістерін дамыту, Отанына, жерін, табиғатын сүюге, қамқор болуға тәрбиелеу. Тәрбиеші: Оралбекова А.А.
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУДІҢ АРАСЫНДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ
10
март
2025
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУДІҢ АРАСЫНДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ БАСТАУЫШ БІЛІМ АРАСЫНДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ  Мақсаты: педагогикалық үдеріске тұтас, дәйекті және перспективалық сипат бере отырып, мектепке дейінгі және бастауыш мектептегі балалық шақ кезеңдерінде баланың дамуының бірыңғай бағытын жүзеге асыру. Жоспарды жүзеге асыру бойынша балабақша мен мектептің бірлескен міндеттері: 1.Бастауыш сынып мұғалімдері мен тәрбиешілерінің күш-жігерін біріктіру бірінші сыныпта табысты оқуға жағдай жасау үшін балабақша. 2.Мектеп жасына дейінгі
КМҚК " №150 бөбекжай-балабақшасында " Ана-гүл, ана-жыр, ана- өмір шуағы " атты ертеңгілік өтті . "Еркем-ай "ортаңғы тобы
05
март
2025
КМҚК " №150 бөбекжай-балабақшасында " Ана-гүл, ана-жыр, ана- өмір
 Құттықтаймыз аналарды, қыздарды,  Мерекеден шуақты бір із қалды.  Болсын әркез көтеріңкі көңілдер,  Нұрын шашсын мерекеге өңірлер!  Дүниеде ең кемеңгер дананы,  Ана табады, аялайды бағады.  Сол үшінде құдіретіңе бас иіп,  Құрметтейік қасиетті – ананы