Тіл мерекесі » Государственное коммунальное казенное предприятие №150 бөбекжай-балабақшасы КМҚК
Государственное коммунальное казенное предприятие
«Ясли-сад №150»
Управления образования города Алматы
Меңгеруші:
+7(727)309-98-04
Әдіскер:
+7(727) 309-98-04
Версия для
слабовидящих
31
октябрь
2016

Тіл мерекесі

 

 

КМҚК № 150 бөбекжай-балабақшасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

22 - Қыркүйек Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі күніне арналған

«Ана тілім – айбыным!» атты ертеңгілік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2016 жыл

 

 

22 - Қыркүйек Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі күнініе арналған

«Ана тілім – айбыным!» атты ертеңгілік

Өткізілген мерзімі: 22.09.2016

Мақсаты: Балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге, мәртебесін көтеруге баулып, танымдылық қабілеттін арттыру.

Басталуы: Салтанатты әуен ойналады. Ортаға жүргізуші шығады.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті көрермендер және аяулы балалар?! Бүгінгі, Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесіне арналған «Ана тілім – айбыным!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа жолдаған жолдауында «Қазақстан Республикасының болашағы қазақ тілінде» -деген болатын. Мемлекеттік тілді үйрену, білу, дамыту – баршамыздың міндетіміз және парызымыз.

Ғажайып сәт: Есік қағылып, қолына сөмкемен блакнот ұстаған қонақ келеді.

Жүргізуші: Балалар бізге қонақ келіпті. Ол бізге басқа мемлеккеттен ұшақпен келген екен, қанекей сәлемдесейік.

- Сәлеметсіңдер ме, балалар?!

- Сәлеметсіз бе?

- Бұл қай мемлекет?

- Қазақастан Республикасы.

- Бұл мемлекеттің бас қаласы қай қала?

- Астана қаласы.

- Мен сендердің мемлекеттерің туралы көп білгім келеді. Сендер маған көмектесесіңдер ме?

- Ия, көмектесеміз.

- ҚР Елбасы кім?

- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

- ҚРның мемлекеттік тілі қай тіл?

- Қазақ тілі.

Жүргізуші: Қане, балалар қонағымызға мемлекетіміздің әнұранын айтып берейік.

ХОР: ҚР әнұраны орындалады.

Жүргізуші: Ана тілім – ерлігім,

Ана тілім – елдігім.

Ана тілім – болмаса,

Бүтінделмес кемдігім! – деп, Қадір Мырза Әли жырлағандай, Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезінуі қажет. Ал, ана тіліміз туралы қандай тақпақ білесіздер? Қонағымызға айтып берейік.

 

1-бала: Ана тілім – қазақ тілім туған тіл,

Қасиетті тіліміздің бәрін біл.

Ана тілді құрметтеңдер адамдар,

Заманға сай өзге тілдің бәрін біл!

2-бала: Ана тілім – жүрегісің анамның,

Жүрек – ана мен өзіңмен жаралдым.

Өсірген ой-білімді, сүйем туған тілімді,

Мақсат етем әр сөздің, мәнін терең білуді.

3-бала: Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің, теңдігің.

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың елдігің.

 

ӘН: «Анамның тілі» орындайтын Жұманова Ғайни

Жүргізуші: Халқымыз қашанда тіл өнеріне, шешендікке зор мән берген. Ана тілімізді атақты билер, ақындар мен жыраулар ұйқастыра өлеңдетіп жырлаған. Қазақ халқының атақты үш биі тіл туралы сөз айтқан.

 

1-бала: Төле би:Әр бір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық?

Өсер бабаң, байтақ далаң тұрғанда,

Қазақ тілі жасау кере мәңгілік!

2-бала: Қазыбек би: Жетер енді әркімге бір ермейік,

Қазақ болсаң құлашты бір сермейік.

Қанға сіңген ана тілін халқым-ау,

Шұбарлауға ешқандай жол бермейік!

 

3-бала: Әйтеке би: Қазақ, қазақ болғалы,

Тіл үшін күрес көргені.

Көргені көп тілімнің,

Мүмкін емес өлмегі.

 

ХОР: «Қазақ елі осындай»

Жүргізуші: Тіл әр ұлттың қайталанбас байлығы. Тіл артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екеніне көз жеткіздік. Терең ойды аядай қалыпқа сыйғызып, «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» жинақтап, ертеңгілігімізді қорытындылау үшін балабақшамызыдың меңгерушісі Салтанат Нұғманқызын ортаға шақырамыз.

 

 

Тіл мерекесі

 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив