«Жақсылық жасап жарысайық»
«Жақсылық жасап жарысайық» челленджі балабақшамызда ерекше қарқын алды. Бұл тек тренд емес, бұл - жүректен шыққан шынайы әрекет. Балабақша әкімшілігімен бірге Рамазан айының берекелі күндерінде бір отбасыға көмек қолын созып, мейірім мен жанашырлықтың шынайы үлгісін көрсеттік. Жақсылық - жарыс емес, бірақ жақсылықта жарысу әр жүректі жұмсартады, әр қоғамды жақындатады. Осындай игі істер арқылы тәрбиеленушілеріміздің бойында қамқорлық, жауапкершілік, адамгершілік қасиеттері қалыптасып келеді.