14
наурыз
2025
Көрісу күні құтты болсын !!"Бір жасың құтты болсын!": Амал көрісу дегеніміз не және оны қалай тойлайды
Амал мерекесі жайлы не білеміз?
Амал мерекесі жайлы ғалымдардың пікірі әр түрлі. Көрісу күнін зерттеп жүрген ғалымдардың біразы бұл күнді географиялық ерекшеліктермен байланыстырса, кейбірі Наурыз мейрамының алғашқы мерекесі деп айтып жүр.Ертеректе көшпенділер салтымен өмір сүрген қазақ халқы қыс айларында бір-бірін көре алмай, көктем шығып, күн жылына бастағанда сағынысып көріскен. Көрісу жайлы жазылған ақпараттардың бірінде қыстан аман шыққан адамдардың саулық сұрасуы дәстүр боп сақталып қалса керек делінеді.
