18
наурыз
2025
Наурызнама: 18 наурыз – Ұлттық киім күні
Ұлттық киім күні – ата-бабалар мұрасын бүгінгі ұрпаққа жеткізудің, насихаттаудың, әрі жастарды тарихи болмысқа жақындатудың тамаша жолы. Ұлттық киімдеріміз – шеберліктің, сән-салтанаттың, ұрпақ сабақтастығының көрінісі. Ерлер киімі мен әйелдер киімі өз ерекшелігімен, өрнегімен, түстік үйлесімімен және тігіс мәнерімен дараланады. Қазақтың шапаны, камзолы, сәукелесі мен тақиясы, кестеленген көйлегі мен мәсісі – әрқайсысы ғасырлар қойнауынан жеткен өнер туындысы. Игі дәстүр – ұрпаққа тамыры тереңде жатқан тарихты сезінуге мүмкіндік береді. Тек мерекеде емес, күнделікті өмірде кию – нағыз рухани жаңғыру. Ол ұлтқа деген сүйіспеншілікті, ата-бабаның аманатына адалдықты білдіреді. Ұлттық киім күні – қазақы рух пен сәннің үндестігін көрсетер, ұлы мұраға деген құрметті арттырар маңызды күн.
