Алтын күз "Балбөбек" тобы
«Бекітемін»
ҚМҚК №150 бөбекжай
балабақшасының меңгеруші м.а.
Абдижаппарова С.Н ________
«___»_________2016ж
Ертеңгілік
Тақырыбы: «АЯУЛЫ КҮЗ, АЛТЫН КҮЗ»
Ортаңғы «Балбөбек» тобы
Тәрбиешілер : Мыңжасарова Ш.
Дулатбаева Р.
Алматы қаласы
Алтын күз.(Орта топ)
Армысыздар,құрметті ата-аналар! Бүгінгі ырысы мол Алтын күз атты мерекелік ертенгілігімізге қош келдіңіздер!
Жаздай күткен беріміз,
Сары алтын сары күз
Алтын ұя бақшада,
Күтіп алар шағымыз
Демек қошеметпен Балбөбектобының кішкене балғындарын қарсы алайық!
Музыка ойналып балалар бір-бірінің соңынан тізіліп шығады.
Жүргізуші:Балалармен сендерге жұмбақ жасырайын, ал сендер оның жауабын айтуға тырысыңдар.
Бозарып дала,тоңады бала.
Астығы піскен,Жапырағы түскен
Бұл қай мезгіл балалар?
Балалар:Күз мезгілі
Жүргізуші:Ендеше сол Алтын күз ханшайымын шақырайық!
Музыка ойналып Күз ханшайымы кіреді:
Ару күз:Сәлеметсіздерме,менің сүйкімді достарым!
Жүргізуші:Қош келдіңіз күз ханшайымы!
Ару күз:Балалар ,мен сіздерді бір жыл бой кормей сағынып қалыппын.
Сендер мен туралы тақпақ білесіңдер ме? Мен тақпақты өте жақсы көремін
Балалар:----Ия!
Тақпақ:
1.Нұрсая.Күнге ғашық күрішпін
Күллі жұртқа ырыспын
Аңқам кеуіп тұрған соң
Ала жаздай су іштім.
2.Айсұлтан Соңғы шуақ төгіліп
Жарқыранып тұр аймақ.
Ақ сәулеге шомылып,
Жапырақтар жүр ойнап.
3.Айзере Құстар қайтты ән салып,
Бұлт шарлады аспанды,
Күз келеді жар салып
Күзгі суық басталды.
4.Агзам Алтын түске бойалды,
Тау мен қырқа дала,түз
Келдім міне ортаңа,
Менің атым Алтын күз.
5.Амира Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбеннен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген
6.Мадияр Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауғ
Шақырады біздерді
7.Айша Сау-сау етіп жапырақ
Сабағынан үзілді
Қоңыр тартып атырап,
Көкте құстар тізілді.
8.Қайсар Көбейді құт береке,
Астық толы қамбамыз.
Құтты болсын
мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.
Жүргізуші:Күз ханшайымы,біздің балалар тек тақпақ қана емес,әнде біледі.Сізге арналған әніміз бар.
Хор.Күз жомарт.
Ару күз:Рахмет сендерге балалар,сендер өте жақсы айттыңдар.
Балалар,бізге біреу келе жатқан сияқты,тыңдайықшы,кәне алдымыздағы жапырақтармен жасырынып ойнайық.
Осы кезде музыка ойналып Тиін кіреді:
Тиін:Е-е-е,бәсе,бәсе,менің ормандағы жапырақтар неге азайып кеткен десем,тең жартысын жел осында ұшырып әкелген екен ғой.
Қазір мен бұл жапырақтарды қалдырмай жинап алайын.
(Музыка ойналып,балалар орындарынан турады)
(Қолындағы жапырақтарын жоғары ұстайды)
Тиін:О-о-о,міне енді тап-таза болды,,уууххх.
Жүргізуші:Ал,көңілді жел болса жапырақтарды қайта шашып тастайды.
(Музыка ойналып балалар жапырақтармен қайта жасырынады)
Тиін: Бұл не деген жел –өзі? жапырақтарды тағы шашып тастады.Қәзір мен жапырақтарды қайта жинап алайын.
(Музыка ойналып,балалар орындарынан кайта тұрады)
Тиін:Мына жалт-жұлт еткен алтын түсті жапырақтар қайтеді өзі? Енді жапырақтар ұшатын болса бұл жолы ұстап алам.
(Музыка ойналып,балалар орындарына отырады).
(Жапырақтарды орындық астына тығады.Ал тиін болса ортада қалып койған жапырақтарды жинап алады.)
Тиін:Міне ұстадым,міне!УУхх әйтеуір жиналды-ау.Ару күз,сен орманға оралғанша мен қыстық азығымды барып жинай берейін.
Ару күз:Тиін досым ,бүгін мұнда күз мерекесі болғандықтан мына балаларға күзгі бақтың әдемі жемістерін сыйға тартайық,сен барып күзгі бақтан алма тере бер,мен қазір артыңнан барып қалам.Жарай ма?
Тиін:дұрыс айтасың,менде солай ойлағам.Тезірек кел.Ару күз!Күтемін.
(Кетеді)
Жүргізуші:Күз ханшайымы, біздің балалардың сізге арналған тақпақтары әлітаусылған жоқ,сонны тыңдаңыз.
Тақпақтар:
9.Бектұрсын Апорт деген алма бар
Жер жаратын атағы
Ондай алма қайда бар.
Алматы оның Отаны.
10.Гүлиса Нұрға бөлеп өмірді
Жырға бөлеп көңілді,
Жарқыраған сәулелі
Күз әуені төгілді.
11.Еркін Әлихан Қуандырып біздерді
Өлкемізге күз келді
Кел жемісті алтын күз
Кемелденсін халқымыз
12.Айдана Жайдарлы куз, жарқын күз,
Аяулы күз алтын күз,
Дәнге толы ел дала.
Дариядай шалқар күз.
13.Әмірлан Алтын, сары,қызыл көк ,
Алуан-алуан жапырақ
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
14.Батырхан Қарашы күз келді,күз келді,
Жапырақ жапты іздерді .
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.
15.Адина Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз.
Жиып-тнріп болған соң,
Той жасайды халқымыз.
Елге бәрін сыйлайды.
Ару күз: Ал балалар бүгінгі,
Құтты болсын мереке!
Би билейік тағы да,
Жапырақтармен тербеле.
Жүргізуші:Біздің бүлдіршіндеріміздің Жапырақтар биін қарсы алыңыздар
Би. Күзгі жапырақтар би.
Ару күз:Жарайсыңдар,менің кішкентай сіңілерім!Өте жақсы биледіңдер.
Рахмет сендерге.Балалар,мына жерде менің жемістерімде отыр екен гой,олар да өнер корсетсін.
(Ортада бастарында жеміс атрибуттары бар балалар шығады).
Жемістер жыры(Музыка әуенімен)
1.Айсұлтан Мен алмамын, алмамын,
Таңдай жұлар бар дәмім.
Қып-қызыл боп пісемін,
Себетке кеп түсемін.
2.Еңілік Мен өрікпін,өрікпін,
Табиғатқа корікпін.
Сап-сары боп пісемін
Ауызға кеп түсемін.
3.Акниет Мен жүзіммін,жүзіммін,
Моншақ болып үзілдім.
Сары күзде үзіліп,
Себетке кеп тізілдім.
4.Айбек Мен шиемін,шиемін,
Күннін көзін сүйемін.
Күн суытса үзіліп,
Себетке кеп түсемін.
5.Арай Тіл үйірген алмұртпын,
Таңсығымын бар жұрттын.
Хороший өсіре алмайды,
Сап-сары тоғай.
,
Қараса егер салғырт кім.
Жүргізуші:Ару күз,жемістерің өте өнерлі екен.Рахмет сізге!Біздің балаларда Біз бақытты балдырған әнін біледі .Қане, балалар ән айтып берейік.
Хор.Біз бақытты балдырған.
Ару күз:Балалар,мен сендерге ризамын!Өзімнің күзгі бағымнан сендерге алма теріп келейін.Ал сендер мен келгенше мерекені жалғастыра беріңдер. Жарайма,балалар?
Балалар:Жарайды! (кетеді)
Жүргізуші:Балалар,сендер Алма ертегісін білесіңдер ме? Сол алма ертегісінің кейіпкерлері бізде қонақта екен.Тамашалайық!
Музыка ойналып көңілді қоян кіре сала:
Қоян: Салем,балақайлар! Мерекелерің құтты болсын! Ой,мына керемет алманы қараңдар,қалай алсам екен? Бойым жетер емес,қалай алсам екен ?А?
Жүргізуші:Ол тал басындағы алманы көріп қалып,ары секіреді,бері секіреді,бойы жетпеген соң Қарғаны көріп:
Қоян:Ей ,Қарға,маған ана алманы үзіп берші?
Жүргізуші: Қарға алманы үзе бергенде алма кетіп бара жатқан тасбақаның үстіне түседі.
Қоян: Тоқта,тасбақа. Алмамды өзіме қайтарып бер. Оны тауып алған мен.
Тасбақа: Бұл менің алмам, ол төбеден құлады. Ал оны мен ұстап алдым.
Қарға: Босқа таласпаңдар. Алма менікі. Мен оны өзім үшін үзіп алдым- деп үшеуі дауласып шығып кетеді.
Жүргізуші: Балалар олар енді не істер екен? Олар бір мәмлеге келгенше біз өз өнерімізді жалғастыра берейік. Балалар күз мезгілінің ерекшеліктерін еске түсіру үшін өлең жолдарын еске түсірейік.
Тақпақ
16.Жай Алихан. Алтын сары, қызыл, көк,
Алуан алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап.
17. Рауан. Ән салындар күліңдер
Жайнап гүлдей күліңдер.
Күздің тойын тойлайық,
Би билейік ойнайық.
18.Арсен Күн суытып
Жапырақтар түседі.
Астық- жеміс
жиылды,
Қамбамызға құйылды.
19.Нүрсұлтан Сап-сары маңай,
Сап сары тоғай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.
20. Самир Күзім ,күзім,күзім,
Пісті алма жүзім.
Тұрғанда бәрін күз беріп,
Кнл алайық біз теріп.
21.Төк. Алихан Алтын түске боялды,
Таумен қырқа дала түз,
Келдім міне ортаңа
Менің атым Алтын күз.
22.Нұрай: Берекесі сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
23.Мейірман: Ақтарады мырза күз ,
Пісіп тұрған жемісті.
Күзге бізде ризамыз,
Аянбаған ел үшін.
Жүргізуші:балалар,мен сендерге жұмбақ жасырамын айтыңдаршы,
Тырс-тырс тамады,
Сайға қарай ағады. Ол не балалар?
Балалар:Жаңбыр.
Жүргізуші:Ал жаңбыр жауғанда қолдарына не ұстаймыз?
Балалар:Қолшатыр.
Жургізуші:Олай болса қолшатырлар биін тамашалайық!
Би: «Қолшатыр»
Би: «Қолшатырлар»
(Музыка ойналып үшеуі дауласа қайта кіреді)
Қоян:Жоооқ,ол менің алмам,мен оны бірінші көрдім.Айғай шуды естіген Арыстан:Мұнда не айғай- шу ?Неге айғайласып жатырсыңдар?
Қоян:Арыстан,арыстан,бізге алманың кімдікі екенін айтып берші?
Арыстан:Алманы кім алды?
Қарға:Мен
Арыстан:Кім үзіп алды?
Тасбақа:Мен
Арыстан:Онда мен алманы үшеуіңе бөліп берем!
Тасбақа:Жооқ,алманы төртке бөлейік, бір бөлігі Арыстанға,өйткені ол бізді татуластырды.
Қарға:Рахмет саған Арыстан!
(үшеуі көңілді әуенмен шығып кетеді).
Жүргізуші:Арыстанжан сен не коңілсізсің?
Арыстан:Сәлем балалар!Мен балалардын саксафон биін коргім келіп еді,балалар қайда?
Жүргізуші:Енді түсінікті болды Арыстанжан,көңіліңді түсірме,оданда бізге қонақ бол.Бізде «Алтын күз» мерекесі болып жатыр.Осындағы биші балалар биллей жүріп сенің көңіліңді көтереді.
Балалар арыстан нені жақсы кореди екен
Балалар:биді.
«Би»Саксафоншылар би»
Арыстан:Рахмет,балалар!Мен Сендерге ризаболдым.Сау болыңдар. (кетеді).
Жүргізуші: ал енді Құрметті ата-аналармен ойын ойнайық.(музыка ойналып тұрады жаймен)
Жүргізуші:Балалар, Күз ханшайымы күзгі бақтан сыйлығын әкеле жаткан сияқты,міне, өзі де келе жатқан сияқты.
Музыка ойналып Ару күз бен Тиін кіреді:
Ару күз:Балалар,сендер күзгі бақтың жемісінен дәм тартыңдар!
Міне, алыңдар.(Себеттегі жемістерді балаларға таратып береді)
Ару күз балалармен қоштасып шығып кетеді.
Жүргізуші:Құрметті ата-аналар!Алтын күз мерекесі құтты болсын!