Наурызнама: 18 наурыз – Ұлттық киім күні
Ұлттық киім күні – ата-бабалар мұрасын бүгінгі ұрпаққа жеткізудің, насихаттаудың, әрі жастарды тарихи болмысқа жақындатудың тамаша жолы. Ұлттық киімдеріміз – шеберліктің, сән-салтанаттың, ұрпақ сабақтастығының көрінісі. Ерлер киімі мен әйелдер киімі өз ерекшелігімен, өрнегімен, түстік үйлесімімен және тігіс мәнерімен дараланады. Қазақтың шапаны, камзолы, сәукелесі мен тақиясы, кестеленген көйлегі мен мәсісі – әрқайсысы ғасырлар қойнауынан жеткен өнер туындысы. Игі дәстүр – ұрпаққа тамыры